Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында цифрлық құжаттармен ұша беруге болады

ҚР ИИДМ
Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн.

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, "Air Astana" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.

Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.

EgovMobile-дағы "цифрлық құжаттар" қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша "Е-document" бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.

Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды