ҚР СІМ Иорданиядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ
Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде болған оқиғаны мұқият бақылауда. Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды", деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.

2017 жылғы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік атты алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталды.

Айта кетсек, шетелдік БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, 3 сәуірде Иорданияда билік төңкерісінің алды алынды. 20 шақты адам қамауға алынды, оның ішінде король отбасына қатысты адамдар да бар. 4 сәуірде ханзада Хамзеға шетелдік көмекті пайдалана отырып, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге тырысты деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді