Қытай өз вакцинасының тиімсіз екенін мойындады

dunyo.info
Батыс компаниялары әзірлеген Moderna және Pfizer-BioNTech вакцинасының тиімділігі 95 пайызды көрсеткен.

Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалар коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындады. Үкімет екпенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Ауруды бақылау жөніндегі орталықтың директоры Гао Фу 10 сәуір күнгі баспасөз жиынында "қазір қолда бар вакцинаның тиімділігі жоғары емес, үкімет осы мәселені шешу жағын қарастырып жатыр" деп мәлімдеді.

Иммунизацияға өзге өндіріс линиясынан әртүрлі вакцинаны қолдануымыз қажет пе, жоқ па, осы мәселені ресми түрде қарастырып жатырмыз, деді Гао.

Қытай шенеуніктері қытайлық вакцинаның коронавирустан қорғау көрсеткіші төмен екенін алғаш рет жария түрде мойындап отыр. Олардың айтқандары конференциядан кейін жергілікті БАҚ-та баяу тарады және ол мәселе жайлы әлеуметтік желідегі жазбаларға шектеу қойыла бастады.

Қытай вакцинаның миллиондаған дозасын тасымалдау жөнінде Мексика, Түркия, Индонезия, Венгрия, Сербия, Бразилия және Чилимен келісімге келген. Ресми мәлімет бойынша, Қытайда 35 млн адамға вакцинаның екі дозасы салынған. 65 млн адам кемінде біреуін алған.

Бразилиялық зерттеу Sinovac вакцинасының ауру белгілерін жою көрсеткіші бойынша тиімділігі 50,4 пайыз екенін көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаны пайдалану үшін оның тиімділігі кемінде 50 пайыз болуы тиіс деп мәлімдеген. Батыс компаниялары әзірлеген Moderna және Pfizer-BioNTech вакцинасының тиімділігі 95 пайызды көрсеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді