Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары тағайындалды

24.kz
Марат Әзілханов алдындаҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі лауазымын атқарған.

Марат Әзілханов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қаулы Ақордада жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды", делінген Қаулыда.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы 3 қаңтарда Қазалыда дүниеге келді.

1988 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетін "жалпы медицина" мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетін тәмамдады. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек өтілі:

· Дәрігер-хирург, Қызылорда (1988-1992);

· ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызмет етті (1992-2011);

· ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары (2011-2013);

· ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы (2013-2014);

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі (2014-2016);

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-07.2018);

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы (02.07.2018-06.03.2019);

ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі (04.2019 бастап)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты