Елордада тағы екі сауда ойын-сауық орталығында екпе пункттері ашылды

Елорда әкімдігі
"Keruen" және "Абу-Даби Плазадағы" жұмыс уақыты: сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін.

Елордада "Keruen" және "Абу-Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтарында да екпе пункттері ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауда орталықтарында азаматтарды вакцинациялау бойынша осындай жұмысты ұйымдастыру тиімділік танытып, соның арқасында халықты вакцинамен қамту артты. Егер алғашқы кезде тұрғындар вакцинациядан сақ болса, қазір олар, керісінше екпені белсенді түрде қолдануда. Мысалы, тек "Mega Silk Way" -тің өзінде жаппай вакцинация басталғаннан бері медицина қызметкерлері 2 100-ден астам адамға екпе салды. Бұл тек бір орталықтың көрсеткіші, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

"Keruen" және "Абу-Даби Плазадағы" жұмыс уақыты: сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін.

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысының талаптарына сәйкес, егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Айта кетсек, екі апта бұрын сауда ойын-сауық орталығындағы алғашқы екпе пункті "Mega Silk Way"-де, 19 сәуірден бастап "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында да ашылды. Бүгінгі күні қалада 75 мыңға жуық адам вакцинацияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты