Егер коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаннан кейін адам бойында антиденелер пайда болмаса, онда үш аптадан кейін тағы бір вакцина салдыруға болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ-да өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қанша адамның ағзасында антидене дамымай қалғаны туралы мәліметтер жоқ. Өткенде халықаралық сарапшылармен сөйлестім, олар егер, шын мәнінде екі зертхана да антиденелер қалыптаспағанын растаса, онда бұл адамның бойында иммунитет тапшылығы жоқ екенін білдіреді деп айтты. Егер осындай жағдай расталып жатса, онда үш аптадан кейін тағы бір бөлек вакцинаны салдыртуға болады, - деді Ералиева.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ғылыми орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл созылмалы дерттері бар және 60 жастан асқан азаматтар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар туралы айтты.
Бірінші компонентпен егілгендердің ішінде созылмалы аурулары барлар 32 314 адамды құрайды, 8 397 адам созылмалы аурулары бар адамдар арасында егудің толық курсын аяқтады. 60 жастан асқан 121 мыңнан астам адам иммундау курсын бастады, оның 8 мыңы екеуін де алып үлгерді. Иммундаудан кейінгі елеулі жағымсыз құбылыстар туралы бүгін мәлімет болмады. Сонымен қатар, вакцина алған адамдардың 0,4% -ында мынандай реакциялар тіркелді: жергілікті реакциялар, температура түріндегі жалпы реакция, қан қысымының қысқа мерзімді көтерілуі, инъекция орнында қызару, ауырсынудың болуы, - деді ол.