Талас ауданының әкімі тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Талас аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Талас ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.

Аудан активінің отырысында аймақ басшысы бұған дейін Талас ауданын басқарып келген Бақыт Қазанбасовқа атқарған қызметі үшін алғысын білдіді. Ал Қанатбек Мәдібекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы "Водоканал" кәсіпорнында инженер болып бастаған.

Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Сарысу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

2020 жылғы тамыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді