Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап блок-бекеттер орнатылады

b2bis.kz
Бұл ретте, блок-бекеттердің жұмыс режимі мен мерзімдері COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев аймақта карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО-ның "қызыл" аймақта болғанына бір айдан асты. 1 мамырдан бастап Орал қаласының кіре берісі мен шығатын жағына, сондай-ақ Ақжайық, Бөрілі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылады.

Блок-бекеттер арқылы кедергісіз кіріп-шығуға (жол парақтары, жұмыс бұйрықтары, тапсырма жоспары, шот-фактуралар, іссапар құжаттары, медициналық мекемелердің жолдамалары, жеке куәліктер, жол билеттері көрсетілген кезде) мыналарға рұқсат етіледі:

- халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- медициналық себептер бойынша аумаққа келіп-кететін адамдар;
- карантиндік ауруханаларда емделген және бақылауға алынған адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
- ауысым жұмысшыларын тасымалдайтын көліктер.

Осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, өзге санаттағы азаматтардың барлығына аудандардың аумағына (аумағына) және Орал қаласының аумағына (учаскелеріне) кіруіне / шығуына тыйым салынады.

Бұл ретте, блок-бекеттердің жұмыс режимі мен мерзімдері COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Қаулы 2021 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз