Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымды қызметке Тимур Қарағойшин келді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-құрылысшы, заңгер-сарапшы.

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. 1985-1991 жылдары — жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.

1991-1994 жылдары — "Сәулет" Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры.

1994-1996 жылдары — БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.

1996-2001 жылдары — "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары.

2001-2002 жылдары — Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры.

2002-2005 жылдары — БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары — Орал қаласы әкімінің орынбасары. 2007-2008 жылдары — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.

2008 жылғы қазан-қараша аралығында — БҚО әкімінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.

2011 ж. қаңтар-шілде аралығында — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.

2011-2013 жылдары — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.

2013 жылғы сәуір-қараша аралығында — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — "Мемсараптама" РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының міндетін атқарушы, 2016 жылғы маусымнан бастап қазірге дейін "Мемсараптама" ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: