Елбасы: Ассамблея жұмысын ерекше бақылап отырамын

elbasy.kz
Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлады zakon.kz.

Еlbasy.kz сайтының мәліметінше, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы ахуал және Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" атты алдағы XXIX сессиясына әзірлік барысы туралы баяндалды,

"1995 жылғы шешімім бойынша құрылған Ассамблеяның жұмысын мен ерекше бақылап отырамын. Содан бері этносаралық қатынастарды нығайту саласында біраз шаруа атқарылды. Біздің бұл саладағы тәжірибеміз дүниежүзіне мәлім, көптеген елдер оған қызығушылық танытуда", – деді Елбасы.

Кездесу барысында өңірлердегі Достық үйлерінің жұмысына баса көңіл бөлінді. Тұңғыш Президент аймақтарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды