Қазақстанда кедейлердің саны артып барады

Pixabay
Кедейлердің ең көп саны Түркістан (12,2%), Солтүстік Қазақстан (6,7%) және Шығыс Қазақстан (6,5%) облыстарында тіркелген.

2020 жылы қазақстандықтардың 5,3 пайызының табыстары күнкөріс деңгейінен төмен болды. Бұл - 2019 жылмен салыстырғанда 1 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды zakon.kz.

Кедейлердің ең көп саны Түркістан (12,2%), Солтүстік Қазақстан (6,7%) және Шығыс Қазақстан (6,5%) облыстарында, ең азы - Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%) тіркелген.

Қалаларда кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі - 3,7%, ал ауылдық жерлерде - 7,6% құрады. 2020 жылы қалалық және ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе) және Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында байқалды, делінген Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметте.

Қазақстандағы тақыр кедейге ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен табыстағы адамдардың жатқызылады. 2020 жылы ол 0,8% -ды құрады, ал кедейлердің өз арасындағы теңсіздік (кедейлердің кірістерінің орташа мәннен айырмасы) - 0,2%.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды