Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға шақырды

Ақорда
Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Көршілес мемлекеттердің Президенттері көп жоспарлы қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективалары, екі ел арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайту жайында жан-жақты пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел халықтарының мүддесі үшін Қазақстан Түрікменстанмен көпжақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі.

Президенттер өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан мен Түрікменстанның күш біріктіруге дайын екенін растады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосымша қарқын беру үшін биыл Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті, делінген хабарламада

Қазақстан Президенті ортақ келісім болған жағдайда, кезекті Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуін Түрікменстан астанасында өткізуді қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен елінің басшысына Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде көтерген бастамаларын қолдағаны, сондай-ақ, Түрікменстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде кіргені үшін ризашылығын білдірді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, маңызды келісімдерге қол қою үшін Түрікменстанға сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті түрікменстандық әріптесіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты