Депозиттердің маусымдағы максималды сыйақы мөлшерлемесі жарияланды

zakon.kz
12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді екенін ескерсек, 2021 жылдың сәуірінде базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде сақталды. Сондықтан мұндай депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер маусым айында да өзгермейді", делінген ҚДКБҚ.

12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды.

"Ал салымшылар үшін ең тартымды салымдар жинақ салымдар болып қалуда. Өйткені олар бойынша табыстылық жоғары деңгейде. Солардың ішінде ең танымалы – 1 жылға арналған жинақ салымдар. Сол себептен, олар бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Алайда нарықта 24 айлық жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу сипаты сақталуына байланысты бұл салымдар бойынша мөлшерлемелер шамалы азайды", - дейді қордағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді