Шымкентте ЖШС басшысы бюджеттің 5,2 млн теңгесін жымқырды

Хабар 24
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Шымкентте ЖШС басшысы қаланың әкімшілік іскерлік орталығындағы екі 12 қабатты үйдің құрылысына бөлінген мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн теңгені иемденгені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотталушы үй құрылысы кезінде жылу оқшаулағыш шыны тақтаға жобалық-сметалық құжаттама бойынша артығымен көрсеткен. Осылайша, ол артықты өзі иемденген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өз еркімен толықтай мемлекетке қайтарды.

Шымкент қалалық сотының үкімімен серіктестіктің басшысы ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-б. 1-т. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдар мен мекемелерде басшы қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, делінеді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті