Ресей соғыс ардагерлеріне Қазақстаннан 17 есеге аз сыйақы төлейді

Alexander Zemlianichenko (AP)
Екінші дүниежүзілік соғыс 75 жыл бұрын аяқталды. Қазір соғысқа қатысқан ең жасы 90-ға келген.

Ресей Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Қазақстан және Өзбекстанға қарағанда бірнеше есеге аз сыйақы төлейді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Сәуір айының соңында Ресейдің Зейнетақы қоры 9 мамыр күні ардагерлер 10 мың рубль (60 мың теңге) көлемінде сыйақы алады деп мәлімдеді. Ал Өзбекстанда соғыс ардагерлері 10 млн сум немесе 500 мың теңге алады. Қазақстанда ардагерлерге бір миллион теңгеден сыйақы беріледі.

Ардагерлерге берілетін сыйақының көлемі қаншалықты көп не аз деп ештеңе айта алмаймын, – деп мәлімдеді ТМД елдері институтының директор орынбасары Владимир Жарихин "Независимая газета" басылымына берген сұқбатында.

Znak.com порталы бұл соғыс ардагерлерінің санына байланысты болуы мүмкін деп санайды. Ресейде 9 мамыр қарсаңында сыйақыны 33 мың ардагер алатын болса, Өзбекстан мен Қазақстанда олардың саны мыңға жуық.

Екінші дүниежүзілік соғыс 75 жыл бұрын аяқталды. Қазір соғысқа қатысқан ең жасы 90-ға келген.

Биыл сәуір айының басында Ресей президенті соғыс ардагерлерін балағаттағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңға қол қойған. Бұл заң талаптарын бұзған адам кемінде бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты