Салық, кеден төлемдері мен айыппұл төлеуге арналған мобильді сервис қосылды

Pixabay
Мобильді қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, 2021 жылғы 23 сәуірден бастап eSalyq Azamat Салық әмияны мобильді қосымшасында реквизиттерді өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеу сервисі іске асырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады.

Сервис жеке тұлғаларға төлеудің келесі реквизиттерін өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді: бюджеттік сыныптама коды (БСК), төлемнің мақсат коды (ТМК), мемлекеттік кірістер органының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының коды (МКО/ЖӨБ), сомалар.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарының салығы сияқты негізгі салықтармен қатар, кәсіпкерлік қызметінің салықтарын, кеден төлемдерін, мемлекеттік баж, алымдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, жекешелендіру, жер сатудан төлемдер және т.б. төлеу мүмкіндігі берілді, - деп хабарлады МКК-де.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы