Қазақстан президенті Түркіменстанға барады

Shutterstock
Нақты қай күні баратыны белгісіз.

Қазақстан президентінің Түркіменстанға сапары жайлы екі елдің сыртқы істер министрлері Рашид Мередов пен Мұхтар Тілеубердінің телефон арқылы сөйлесуінде белгілі болды. Бұл жөнінде Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады, дейді centralasian.org.

28 сәуірде Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне шақырған. Ол телефон әңгімесінде Қазақстанды Орталық Азиядағы басты әріптесі деп атаған.

Екі ел президенті сауда айналымының көлемін арттыруға, өндіріс саласында бірлескен жобаны жүзеге асыруға, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика бойынша қарым-қатынасты одан әрі дамытуға келіскен.

Екі ел бас дипломатының телефон әңгімесінде экономика, ғылыми-техника және мәдени қарым-қатынасқа байланысты үкіметаралық комиссия отырысына дайындық барысы да талқыланған. Бұл Ашғабадта Қазақстан президентінің сапары қарсаңында өтеді. Олар сонымен бірге Түркіменстанда өтетін VI Каспий саммиті жайлы сөз еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашғабадқа нақты қай күні баратыны белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек