Тәжікстаннан этникалық қырғыздар депортацияланып жатыр. Қырғыз СІМ жауабы

kabar.kg
Тәжікстан аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын Қырғызстан азаматтарын елден шығару фактілері Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне белгілі болғаны хабарланды.

Жергілікті БАҚ-тарда Тәжікстан Жерге-Тал ауданының қырғыз төлқұжаттары бар азаматтарын депортациялай бастағаны туралы хабар таратты, деп хабарлайды zakon.kz knews.kg сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын Қырғызстан азаматтарын елден шығару фактілері Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне белгілі болғаны хабарланды.

Аталған мәселелер биылғы жылдың наурыз айының ортасынан, яғни Тәжікстан төлқұжат-көші-қон қызметі Лахш (бұрынғы Жергетал) ауданында тосыннан тексерулер жүргізгені туралы алғашқы ақпарат пайда болған сәттен бастап Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тұрақты бақылауында болып келеді. Қырғыз тарапының алаңдаушылығын Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Р.Қазақбаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддинмен 2021 жылы 1 сәуірде Мәскеуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясындағы екіжақты кездесуі кезінде айтты. Бұл мәселе Қырғызстан мен Тәжікстанның ішкі істер министрлері деңгейінде талқыланып жатқанын да айта кеткен жөн. Жағдайды шешу үшін біз тәжік тарапына жақын арада консулдық мәселелер бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізуді ұсындық, деп хабарлады Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған