Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

gov.kz
Бұған дейін Ернұр Өтегенов 2019 жылғы ақпан айынан Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевке Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалған азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегеновты таныстырды. Содан кейін департаменттің жеке құрамына таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ернұр Сапарұлы Өтегенов 1978 жылғы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Казталов ауданы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторлығынан бастаған. 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі және 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған. 2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған.

2011-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылғы ақпан айынан Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Вице-министр Ернұр Өтегеновты жаңа өңірдің бастығы болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі..

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты