Алматының Алмалы ауданына әкім тағайындалды

Алматы қаласының әкімдігі
Сейтенов Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған.

Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Е.Сейтеновтің кандидатурасы Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.

Сейтенов Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бітіріп, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Осы жылдары ол квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы лауазвиларвнда болды. Алматы қаласының Жерді пайдалану мен қорғау, Жасыл экономика басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды