Мусин Қосшы мен Қояндыда интернеттің неге сапасыз екенін түсіндірді

Pixabay
Ол қазір министрлік базалық станциялардың санын көбейтуге тырысып жатқанын атап өтті. Мысалы, олар Қосшыда екі есеге өскен, ал Қояндыда жұмыс енді жүрзілііп жатыр.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі елорда маңындағы сапасыз интернет мәселесін қалай шешетіндерін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының маңында байланыс сапасына байланысты проблемалар бар. Олар қалалардағыдай өте жоғары жүктеменің түсуімен байланысты. Біз Қосшы мен Қоянды спутниктік елді-мекендер екенін жақсы түсінеміз, онда, негізінен тұрғындар кешке оралады. Егер ресми статистиканы алатын болсақ, онда Қосшыда 10-15 мың адам тұрады, егер оны ұялы байланыс базасына, ұялы байланыс операторларына сәйкес есептесек, онда 60 мыңға жуық адам тұрады деп есептеуге болады. Сондықтан, бұл жүктеме - өте үлкен, - деді Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Ол қазір министрлік базалық станциялардың санын көбейтуге тырысып жатқанын атап өтті. Мысалы, олар Қосшыда екі есеге өскен, ал Қояндыда жұмыс енді жүрзілііп жатыр.

Үй шаруашылығына сапалы интернетпен қаматасыз ететін FBA технологиясы бар. 3G, 4G арқылы мобильді Интернет түрінде ғана емес, сонымен қатар үйде Wi-Fi түрінде орнатылған жоғары сапалы интернетті қолдануға болады. Бұл мәселе шешіледі, - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды