19 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Pixabay
Еліміздің басым бөлігінде дауыл тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Синоптиктер 19 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік бөлікте, орталықта және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды ​​облысында кей жерлерде дауыл тұрады, желдің екпіні - 15-20, 25 м / с құрайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола және Павлодар облыстарында кей жерлерінде қатты жел тұрады, желдің екпіні - 15-20, 25 м / с құрайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, желдің екпіні - 15-20, 23-28 м / с құрайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Түстен кейін Батыс Қазақстан облысының батысында қаты жел тұрып, екпіні екпіні - 15-20 м / с құрайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні - 15-20, 23 м / с.

Қостанай, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м / с күшейеді деп күтіледі, күндіз Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жел екпіні 16 м / с күшейеді деп күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорданың басым бөлігінде, Атыраудың кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды