Екпе алған адамдарға магнит тартылады. Желіде тағы бір дақпырт тарады

kipmu.ru
Егілген адамдардың қолына магнит жабысатын видеолар бұрыннан бар. Мұндай бейнероликтер бұған дейін желінің ағылшын тілді сегментінде тараған.

Екпе салдырған адамдарға магнит тартылады. Тағы бір фейк ақпарат желіні кезіп жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бөлісіп жатқан видеода әкесі вакцина салдырған баласының қолына магнит тартылатынын көрсетеді.

Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, бұл вакциналарда чиптің болуының дәлелі, ол егілген адамды бақылауға мүміндік береді. Басқалары бұған препараттардың құрамындағы алюминий себеп дейді. Бұл олай емес, деп хабарлайды stopfake.kz.

Егілген адамдардың қолына магнит жабысатын видеолар бұрыннан бар. Мұндай бейнероликтер желінің ағылшын тілді сегментінде тараған, бастапқыда олар вакциналарда микрочиптердің болуын дәлелдеуге бағытталған болатын.

Бұл – ғылыми фактілерге қайшы келетін қастандық теориясы. Адамдарға COVID-19 қарсы вакцинамен бірге чиптер енгізілетін туралы жорамалдар негізсіз. Бұған дейін бұл миф жоққа шығарылған, - дейді сарапшылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр