Маңғыстаулық оқушылар республикалық олимпиадада командалық есепте үздік үштікке енді

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Оның 5 алтын, 6 күміс, 18 қола медаль

Биылғы оқушылар арасындағы республикалық олимпиада жылдағыдан өзгеше, онлайн форматта өтті. Білімділер сайысында Маңғыстау облысының командасы 29 медаль иеленіп, қатысушылардың 60%-ы жеңімпаз атанды.

Оның 5 алтын, 6 күміс, 18 қола медаль. Оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің сапасы бойынша 8 орында, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 6 орынды межеледі.

Олимпиада жеңімпаздарын бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов интернет байланыс арқылы құттықтап, жеңімпаздардың ата-аналары мен ұстаздарына алғысын айтты.

Жиын барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова жеңіпмаз 29 оқушыға І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар табысталды.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орын иеленген Маңғыстау облысының командасына "Ең үздік олимпиадалық команда – 2021" номинациясы табысталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде ІІ орын алған "Білім – инновация" лицей – интернаты "Үздік олимпиадалық мектеп – 2021" номинациясын және Мұнайлы ауданының №3 мектебі "Үздік ауыл мектебі – 2021" номинациясы бойынша марапатталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме