Нұр-Сұлтанда арнайы рұқсаты жоқ құрылыс компаниялары анықталды

Сурет: zakon.kz
Әкімдігі барынша сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тартуға шақырады.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан нысандардың тізімі жасалды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы "аттап өтіп" жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Қаражатыңызды сақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барынша сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тартуға шақырады.

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Егер төменде көрсетілген компаниялармен мәміле жасаған болсаңыз немесе туындаған проблемалар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша "Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ға жүгінуге болады. Байланыс нөмірлері: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8701 -300-50-39.

Үлескерлердің ақшасын тарту құқығынсыз құрылыс салушылар тізімі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді