Мәжіліс рейдерлікке қарсы күрес туралы заң жобасын қарайды

Ж.Құспанов
Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттар қарауына азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер I оқылымда ұсынылмақ.

Заң жобасының мақсаты – мүгедектігі бар адамдарға қатысты заңнамадағы кемсітушілік терминдерді жою, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыруды ынталандыру, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Алдағы жалпы отырыста бірқатар заң жобадары II оқылымда қаралмақ. Атап айтқанда, Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру, «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және оған ілеспе заң жобалары бар.

Сондай-ақ, бюро отырысында Палата комитетіне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды