Батыс антицлонының әсерімен 22 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің тек оңтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауылмен күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауылмен күтіледі, Павлодар облысында түнде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.