Қарағанды облысында жаңа прокурор тағайындалды

Қарағанды облысының прокуратурасы
Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған қаласының прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Теміртау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас әскери прокурордың орынбасары және бірінші орынбасары, Шығыс өңірінің Бас әскери прокуроры, Бас прокуратураның Департамент бастығы лауазымдарын атқарған.

Соңғы 4 жылда Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты