Репрессия құрбандарын ақтау комиссисының жұмысы үш жылға созылмақ

Голощекин басқарған жылдары ұлтымыздың саны 42 пайызға кеміді.

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы үш жылға жалғасады. Десе де қазірдің өзінде сұрапыл жылдарға қатысты біршама деректің беті ашылған. Бүгінде репрессия құрбандары 100 мың шамасында деп айтылып жүрсе, жаңа категориялардың енуіне байланысты бұдан бірнеше есеге көбеюі мүмкін дейді тарихшылар.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

1938 жылдың наурыз айы. Түскі астың уақыты. Қияш Құлатаев отбасымен емен-жарқын отырған кез.

Наурис Қазантаев, репрессия құрбаны Қияш Құлатаевтың немересі:

Далеко не прекрасный день, пришли и за ним. Бабушка конечно все окружающие женщины плакали. Дедушка говорил, я ни в чем не виноват.

Сол кездегі денсаулық саласының оғланы іспетті Қияш атаның бұдан кейінгі ғұмыры қараңғы қапасқа айналды. Сыз тартқан зындан, азапқа толы күндер мен жазықсыз жазалау кімнің де болса төбе құйқасын шымырлатпай қоймайды. Карлаг тұтқындары қамалған лагерьдің әр қабырғасында сол сұрапыл жылдардың табы жатыр. Құдды бір жер бетіндегі тозақ дерсің.

Тарихшылардың айтуынша, әйелдер де ерлер сынды қара жұмысқа жегілген. Балалары 3 жасқа толған бетте бауырынан жұлып әкететін. Содан кейін бет-жүзін көрмейді екен. Тіпті түрме аумағынан мынадай құдықтардың бірнешеуі табылыпты. Бұл да аяусыз жазаның бір түрі деседі.

Қатаң жаза, тастай суық қапас, бір адамға 1 шаршы метрден шақталған ғимарат. Мұндай өмір салты Карлагта өлімді де көбейтті. 1940-50 жылдар аралығында лагерьден 40 мыңға жуық мәйіт шығарылған.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры:

Репрессияның кезеңіде түрлі аштықтың басқаның әсерінен майда шүйде қылмыс ретінде бағаланатын нәрселер бар. Ол енді бүгінгі күнмен қараған кезде ол аштықтың әесерінен сондай күрделіліктің әсерінен барған дүние. Осыны бүгінгі қылмыс аясында қарастыру керек пе әлде сол қоғамның зардабы аясында қарастыру керек пе? Осыны да ақтаудың мәселесі керек болады.

Ақтауға тиісті дүниелер көп-ау. Бірақ, сол 30-жылдардан бері шаңға бөгіп жатқан архивты ақтаруға бәріміз бірдей құлықтымыз ба? Ғасырға таяу уақыт өтсе де сталинизимге қарсы иммунитет қалыптасып үлгерді ме бастысы? Алаштанушы Ерлан Сайлаубай осыған алаңдаулы.

Ерлан Сайлаубай, Алаштанушы:

Саяси тұрғыдағы репрессия мәселесіне байланысты құжаттар толықтай ашық емес. Әлі де оларда құпиялық белгісі тұр. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Нақты міне, құжаттар құпиясыздандырылды деген мәлімет шыққан жоқ. Бұл саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтаудағы бірінші кедергі болып отыр.

Өткен жылы Президент қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын ақтауға пәрмен бергені есте. 11 жұмыс тобы құрылып, жер-жердің мұрағаты зерттеліп жатыр қазір. Десе де бұл бір жылдың айналасында біте қалатын жұмыс емес. Қазірдің өзінде біршама тың деректердің беті ашылыпты.

Берік Әбдіғалиұлы, Мәжіліс депутаты, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:

Бірақ оның бәрін нақты күзге дейін біраз материалдарды жариялаймыз. Жалпы біз 20 жылдардан 50 жылдарды бірінші кезеңде қамтимыз. Әрине бізге ең маңыздысы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әлі ақталмаған саяси құрбандарды ақтап шығу. Олардың тізімін анықтау. Қосымша зерттеулерді жалғастыру. Сондықтан бұл жұмыс әлі кемі 3 жылға жалғасады деп ойлаймын.

31 мамыр күні еліміз тағы бір қолдан жасалған нәубеттің құрбандарын еске алады. Голощекин басқарған жылдары ұлтымыздың саны 42 пайызға кеміді. Халықтың мал-мүлкі зорлықпен тартып алынды. Бұл кеңестік науқан "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!" деген ұранмен жүзеге асты. Қазақ халқы жоңғар шапқыншылығы, "Ақтабан шұбырынды" мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де дәл осылай қынадай қырылған жоқ, дейді тарихшылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: