Тоқаев Қайрат Мәмимен кездесті

Ақорда
Қайрат Мәми Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңестің алдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы баяндалды.

Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, аталған маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады.

Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Президент Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты. Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті