ҚР Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

zakon.kz
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" жобасын енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" жобасын іске асырылады:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10) бильярд клубтары;

11) концерт залдары;

12) ерікті қатысушылар;

13) караоке;

14) көрмелер;

15) океанариум;

16) марафондар;

17) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

18) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;

19) (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

22) цирктер;

23) отельдер, қонақ үйлер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік