Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин өмірден озды

ашық дереккөздерден
Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген.

Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылы 13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Мамин Ұзақбай Жапарұлы қайтыс болды.

Соңғы жылдары Ұзақбай Мамин Қазақстан астанасының ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істеген.

Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген.

Құрылыс саласында бригадирден бастап бірқатар құрылыс ұйымдарының, соның ішінде "Целинограделеватормельстрой" және "Целинсантехмонтаж" тресттері мен Целиноград облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені жетекшісіне дейінгі қызметтерді атқарған.

Еңбек жетістіктері үшін Халықтар достығы және "Құмет" ордендерімен марапатталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді