АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциясы өз күшіне енді

Газета.ру
АҚШ-тың жаңа санкция салатындығы туралы сәуірдің ортасында жарияланды.

14 маусымда америкалық қаржы институттарына Ресейдің рубль түріндегі жаңа мемлекеттік облигацияларын сатып алуға тыйым салатын АҚШ-тың санкциялары күшіне енді, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тың жаңа санкция салатындығы туралы сәуірдің ортасында жарияланды. Жаңа шектеулер елдің қаржы институттарына Ресейдің мемлекеттік облигацияларын алғашқы орналастыру кезінде сатып алуға тыйым салады. Дегенмен, оларға Ресейдің мемлекеттік облигацияларын екінші деңгейдегі нарықта сатып алуға және сатуға рұқсат етіледі.

Осылайша, АҚШ-тың 2019 жылы америкалық инвесторларға Ресей үкіметінің еурооблигацияларының жаңа шығарылымдарын сатып алуға енгізген тыйымының аясы кеңейіп келеді.

Бұл тыйым Ресейдің Қаржы министрлігі өткізетін алғашқы бәс саудада федералдық заем облигацияларын (ФЗО) сатып алуға қатысты. Содан бері Ресей евро түріндегі еврооблигацияларымен қарыз беруші сыртқы нарыққа екі рет шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды