Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика және құқықтану факультетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасында бастады. Онда журналист-редактор және бағдарлама жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2011-2015 жылдары "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасында "Иман айнасы" бағдарламасын жүргізді.
2015 жылы "Еуразия 1" телеарнасында "Ашығын айтқанда" ток-шоуын тізгіндеді. 2016 жылы "Астана" телеарнасында "Өзекті" авторлық бағдарламасын жүргізді әрі жетекшілік етті.
2018-2019 жылдары – "Жамбыл облысының Өңірлік коммуникация қызметі басшысының орынбасары, кейін басшысы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.