Pfizer вакцинасы елімізге қашан келеді. Министр жауап берді

РБК
Әрине, біз келіссөздерді қатар жүргізіп жатырмыз, оның ішінде Pfizer-мен де - Цой.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын төрт вакцина бар. Басқа өндірушілердің вакциналарын жеткізудің нақты күндері әлі белгісіз, бағаларын да айта алмаймыз. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жалпы қолдағы төрт вакцина қазірдің өзінде үлкен жетістік болып табылады. Аз ғана елдің арсеналында мұндай көлем бар, біздегідей төрт вакцина сынды. Әрине, солармен қатар біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз, оның ішінде Pfizer-мен де, - деді Цой.

Сондай-ақ ол басқа вакциналар бойынша келіссөздер әлі жүргізіліп жатқанын қоса айтты.

Бірнеше ай бойы біз олармен, барлық өндірушілермен келіссөздер жүргізіп келеміз. Біз кіммен келіссөз жүргізсек те, әрқашан құпиялылықты, ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қоямыз. Қазіргі уақытта вакциналар жеткізілетін нақты күндері белгісіз, бағалары туралы айта алмаймыз, біз соңғы растау процедурасын күтіп отырмыз. Әртүрлі вакциналар туралы бар айтарымыз осы, соның ішінде Pfizer туралы да, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді