Байлар бәрін басып алды: ауыл халқы көтеріліске шықты

Жерлердің көбісі жекенің қолына сатылып кетіп, салдарынан жайылым жер де қалмаған.

Түркістан облысы Төле би ауданның тұрғындары әкімдік өкілдеріне базыналарын жеткізу үшін жолды жауып тастады. Шенеуніктер қарапайым халықтың жағдайын ойлаудың орынына байлардың ақшасына байланып қалған, дейді. Себебі, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан демалыс аймақтарының басшылары таудан келетін суды бассейндерге бұрып алып, елдімекендерді аптап ыстықта қаңсытып қойыпты. Онымен қоса лас суларын төмен қарай ағызып ойларына келгенді істеп отыр деп ашынады.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Таңертеңнен демалыс аймақтарына баратын жолды жапқан халықтың шыдамы шегіне жеткен. Олардың айтуынша, демалыс орындарының басшылары таудан келетін судың арнасын бассейндерге бұрып алып, төмендегі ауылдарға тіршілік нәрін жеткізбей қойыпты. Тіпті, канализациядан шыққан лас суларын ағызып, халықты әбден әбігерге түсірген. Жергілікті билікке жағдайларын айтып шырылдағанымен, құлақ асатын бір атқа мінердің табылмағанына 5 жылдың жүзі болған.

Клара Ералиева, Екпінді ауылының тұрғыны:

Олардың канализациясы жоқ. Мусорларының бәрін шығарады оны біз ішеміз. Енді сол мусор су да жоқ бізде. Бассейн толтырып жатыр, су ішіп жатыр. Ал бізде халықта су жоқ. Адам шомылады бізде су жоқ. Байлар бәрін жауып алған, суларды алып алған бөлек-бөлек. Оған мыналардың күштері келмей жатыр. Қолдарынан келмей жатыр.

Таңсықкүл Сексенбаева, Екпінді ауылының тұрғыны:

Ол жердегілердің барлығы мусор тастайды. Шомылады мусор содан балалар ауру қазір. Балаларымыздың барлығы ауру жылап жатыр. Халқымызға бір ауыз су жоқ. Сонда қалталылар өмір сүреді да, бишара халық деген қалай өмір сүреді бұлар?

Төле би ауданына қарасты үш ауылдың жыры мұнымен бітпейді. Елдімекен іргесіндегі жерлердің көбісі жекенің қолына сатылып кетіп, салдарынан жайылым жер де қалмаған. Ал, ауыз суға зар болып отырған кезде, суармалы суды сұрауға ұялатын шаққа жеттік, дейді.

Бір сағатқа жуық жолды жауып тастаған тұрғындармен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары су мәселесін бір аптада шешіп беремін деп, жиналғандар алдында ант-су ішті. Десе де, кәріз жүйесінен ағып жатқан лас суды бірінші рет естіп тұрмын деп айды аспаннан бірақ шығарды.

Лесбек Серікбаев, Төле би ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Бірақ бірнеше жылдан бері біз мәселемен күресіп келе жатырмыз. Біз заң аясында барын айтып түсіндіреміз, заң аясында талап етеміз, заң аясында соны істетеміз. Бірақ осындай сезон басталған кезде өкінішке орай кейбір демалыс орындарының иелері былайша айтқанда заңсыз, наглый оброзом орталық ауызсу құбырына қосылп алып, сод жерде бассейндерін толтырып жатыр.

Бастауын таудан алатын "Біркөлік" өзенінің бас жағындағы сиқы осындай. Күл-қоқыс, баклажкалардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал, бұл өзен аулыға жеткенге дейін он шақты демалыс аймақтарынан өтеді. Ағын судың арамы жоқ деген тұрғындар осы суды ішуге мәжбүрміз деп отыр.

Ал, аудан басшылары апта көлемінде жағдайды ретке келтіреміз деп уәдесін берді. Енді ашуға булыққан тұрғындар шенеуніктің сөзіне сенбесе де, бір жұма күтуге дайын екендерін жеткізді. Ал, уәде сол күйінде орындалмай қалатын болса, демалыс аймақтарына баратын жолды бетондап жауып тастаймыз деп тарқасты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: