Тоқаев: Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі қан майданда қаза тапты

Ақорда
Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстанның үлесін еске алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу–барша адамзаттың міндеті, деп жазды Президент Twitter-де.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады. 1945 жылы 8 мамырда Германияның капитулация актісіне қол қойылды. 9 мамырда бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты