Назарбаев "Самұрық-Қазына" қоры жұмысына оң баға берді

Елбасы сайты
Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы сайты хабарлағандай, жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, Қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдай келе, қор жұмысына оң баға берді. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан, Қор 2020 жылды табысты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті арттыруға бағытталған тәсілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды