Вакциналау төлқұжаты саудасы: Бас дәрігер жекелей жауапты болады

zakon.kz
Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакциналау төлқұжатын қолдан жасағандарға қатаң шаралар қолданылатынын айтқан болатын.

Медициналық ұйымдардың басшылары жалған вакциналау төлқұжатының сатылуына жауапты болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифингте Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидан вакциналау төлқұжаттарының сатылымына қалай тоқтау қоюға болатыны сұралды.

Біз барлық мекеме басшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін бригаданы және олардың вакцинациялау бекеттерін күнделікті қатаң тексеруге және бақылауға міндеттедік. Бүгінгі таңда әрбір медициналық ұйымның бірінші басшысы өзіне жекелей жауапкершілік алады. Егер фактілер анықталған болса, олар бұл мәселені қызметінен босатуға дейінгі жаза түрінде шешеді, - деп жауап берді Мырзағали.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакциналау төлқұжатын қолдан жасағандарға қатаң шаралар қолданылатынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз