Алматы экологиясын жақсарту үшін қандай кешенді шаралар қабылданып жатыр

Алматы әкімдігі
Бұл сұраққа қала әкімі бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифинг кезінде жауап берді.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында экологияны жақсарту және қоғамдық кеңістіктіерді абаттандыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен екі жыл ішінде 72 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Биылғы жылы қаланың барлық аудандарындағы 23 кеңістікте жұмыстар жүруде. Сайран көлін абаттандыру жобасы жасалуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖЭО-ын газға көшіру жобасы жүзеге асырылуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын болады, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, экомониторинг жүйесін дамыту аясында 9 экопост орнатылуда, жыл соңына дейін тағы 10-ы кезең-кезеңімен жұмыс істей бастайды.

Екінші жыл қатарынан 3 жылда 1 миллион ағаш отырғызу бойынша "Жасыл Алматы" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 480 мың түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Жыл соңына дейін 300 мыңнан астам жас ағаш отырғызу жоспарлануда. Әр ағашқа электрондық паспорт жасалып, жасыл желектердің реестрі құрылды. Жүйе жалпыға қолжетімді болады, - дейді әкім.

Сондай-ақ ол биыл ағаш отырғызуға және кесуге рұқсат беру процесі автоматтандырылатынын жеткізді.

Экологиялық мәселелер бойынша азаматтық қоғаммен өзара байланыс орнатылды. Іскерлік кеңес аясында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына экологтар, сарапшылар және белсенділер енді, - деді Сағынтаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды