ШҚО-да қос азаматтықпен жүретіндер қаптап кетіпті 

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қос азаматтық үшін 40-н астам азаматқа айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы облыс аумағында тұратын қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Яғни, жарты жыл ішінде 500-ден астам адам Қазақстан азаматтығын жоғалтқан.

Негізгі бөлігі – бұл Ресей Федерациясы, Германия және Қырғыстан Республикасы азаматтығын қабылдаған тұлғалар деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар, қос азаматтық үшін 40 адам оның ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 10 адам, Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке куәлікті пайдаланғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маусым айының ортасында Көші-қон қызметі қызметкерлері Риддер қаласының тұрғынын анықтады, ол 2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Алайда, өзі Риддер қаласында тұрып мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Заңнаманы елемеген. Ербол Бекпаев тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп айтып өтті.

Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқандығы туралы тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын естеріңізге салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды