Ashyq Алматы әуежайынан коронавирус жұқтырған 171 адамды анықтады

tengrinews.kz
Алматыда Ashyq жобасына 2 332 қатысушы тіркелді.

Алматы қаласы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева Ashyq жобасының оң нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

С.Лесбаева коронавирус жұқтырған және солармен байланыста болған азаматтарды анықтауға бағытталған цифрлық жоба аясындағы бизнес-нысандардың жұмысы туралы айтты.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарының айтуынша, Қазақстан аумағында 10 932 бизнес субъектісі Ashyq жобасына тіркелді. Сондай-ақ 524 кәсіпкер өтінім берген. Қосымшаны 4 миллион қазақстандық белсенді қолданады. Оның көпшілігі Алматыда тұрады. Сарапшылар күніне шамамен 200 мың сканерлеуді есептейді.

Бүгінде жоба Қазақстан бойынша "қызыл" мәртебесі бар 5 088 және "сары" мәртебесі бар 4 998 келушілерді анықтады. Бұл 3 маусымдағы нәтижелермен салыстырғанда 3 107 келушіге көп. Жоба өз тиімділігін көрсетті. Әсіресе әуежайдағы жұмыс өнімді, – деді С.Лесбаева.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 252 жағдай тіркелсе, Алматы әуежайында КВИ жұқтырған 171 адам тіркелген. Жоба ең кемі 15 мың қазақстандықты жұқтыру қаупінен және 61 адамды өлімнен сақтауға ықпал еткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев