Өмірзақ Шөкеев: Мал азығы бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді

Отырар ТВ
Қазір облыста егістік алқап басынан табиғи шөптердің бір бумасы 400-500 теңге, жоңышқа 700-800 теңгеден сатылуда.

Түркістан облысында қажетті 4 миллион тоннаға жуық мал азығы толықтай жиналады. Қазығұрт ауданында мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору барысы туралы көшпелі мәжіліс облыс әкімінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жем-шөп мәселесін шешуге өңірдің толықтай мүмкіншіліктері бар. Облыс басшысының айтуынша, осы мәселеге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеліп, оны жекелей қадағалауына алған.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Мал азығы бар. Тек қана ұйымдастыру жұмыстары керек. Жаңа кейбір шаруашылықтарға көмектесу керек. Аудан-аудан аралығында бір-бірімен сөйлесіп, меморандумға тұру керек. Облыстық шаруашылық басқармасы осыған жауапты болады. Табиғи ресурстар басқармасы жауапты болады. Аудандарда әкім өзі араласу керек. Мен әр 2 аптада мәлімет алып отырамын. Мал азығын уақытылы жинап алу керек.

Басқосуда айтылғандай, бастапқыда батыс өңірлеріндегі жағдайдан үрейленіп, әр бума жоңышқаның бағасы 1200 – 1400 теңгеге дейін көтерілсе, қазір облыста егістік алқап басынан табиғи шөптердің бір бумасы 400-500 теңге, жоңышқа 700-800 теңгеден сатылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды