Алматы облысында шенділер 100 млн теңгеге жуық ақша жымқырды

zakon.kz
Олар 93 111 040 теңгеге бюджеттік ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелген болатын.

Алматы облысы Ескелді аудандық сотының үкімімен лауазым иелері кінәлі деп танылып, сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шенеуніктер 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында орындалған жұмыстардың №2 және №3 актілеріне "Қаратал ауданы Үштөбе қ. Төле би көшесін күрделі жөндеу" объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде олардың нақты мазмұнын бұрмалайтын жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 93 111 040 теңгеге бюджеттік ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелген болатын.

"Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы Р. Алиянов, (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі) 7 жылға 3 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

"Алмаз-М" ЖШС директоры Д. Мусаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 385-бабы 1-бөлігі) 7 жылға 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Техникалық қадағалау - "Кравинжиниринг" ЖШС өкілі В.Крутиков (ҚК 28-бабы, 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді