Экс-вице министр ҚТЖ-да лауазымды қызметке ие болды

ПМ
Әнуар Ахметжанов 2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды, делінген ҚТЖ баспасөз баянында.

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Джонс Хопкинс Университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚМУ экономика және сыртқы экономикалық қызмет оқытушысы қызметінен бастаған.

Әр жылдары "Қазақойл", "ҚазМұнайТеңіз", "ҚазМұнайГаз" компанияларында жұмыс істеді, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2016 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды