ҰҚК арнайы операция өткізді. Халықаралық есірткі арнасы жойылды

ҰҚК
Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҰҚК қызметкерлері есірткінің халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомства мәліметінше, Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі "ауған факторы" болып табылады.

Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы маусымда шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізу арналарының жолын кесу бойынша 2 халықаралық операцияны іске асырды.

Арнайы операция нәтижесінде 12,3 кг ауыр есірткі құралының Қазақстанға келіп түсуіне жол берілмеді. Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды.

Қырғыз Республикасынан жеткізілген есірткіні жасырын орыннан алу кезінде Тараз қаласында есірткі курьері – бұрын осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының
"А" деген азаматы ұсталды.

Фигуранттар кінәларын мойындап, тергеумен ынтымақтасуда.

Есірткі қылмысы үшін жоғарғы мерзім 20 жыл не мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді