Жалған ПТР-тест және екпе құжаттары бойынша қанша қылмыстық іс қозғалды

zakon.kz
Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы ішкі істер органдарының өндірісінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 385-бабы, "ПТР-тестті қолдан жасау, дйындау және сату" бойынша тіркелген 23 қылмыстық іс бар.

ҚР Ішкі істер министрлігі ПТР-тест пен вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасау бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы ішкі істер органдарының өндірісінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 385-бабы, "ПТР-тестті қолдан жасау, дйындау және сату" бойынша тіркелген 23 қылмыстық іс болған (Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі, 11-бөлігі, 2-2 бөлімі, 2 бөлімі, 3-10-тармағы).

Тергеу ісі аяқталғаны - 12 қылмыстық іс. 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. 10 қылмыстық іс ақтау негіздері бойынша орта жолдан тоқтату туралы шешім қабылданды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша). Тергеу мерзімдері 3 іс бойынша тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабы, 7-бөлігі, 1-тармағы бойынша). Өндірісте әлі 8 қылмыстық іс бар, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жалған вакциналау құжатын әзірлеу бойынша өндрісте әлі 4 қылмыстық іс бар.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп толықтырды министрліктегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты