Желіде қарағандылық дәрігер әрі ұстаздың атынан аудиожазба тарап жатыр

stopfake.kz
Қарағандыда бір ғана медицина университеті бар.

Желіде қарағандылық жоғары санатты дәрігер әрі кафедра меңгерушісі жазған аудиожазба тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Аудиожазбада "Спутник-V" вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі биылғы жылдың мамыр айында ғана басталғаны, яғни әлі аяқталмағаны туралы айтылған. Сондай-ақ, хабарлама авторы вакциналар бедеулікке әкеледі және денсаулыққа қауіпті деп мәлімдейді. Stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Қарағандыда бір ғана медицина университеті бар. Тиісінше, кафедра меңгерушілері жоғары санатты дәрігерлер сонда ғана жұмыс істейді. Алайда, Қарағанды медицина университетінің баспасөз қызметі қызметкерлердің ешқайсысы мұндай ақпарат таратпағанын ресми мәлімдеді.

– Қолданушылардың бірі аудиожазбаны кафедра меңгерушісі жазған деп айтқан. Бірақ ол біздің университеттің қызметкері емес, – деп хабарлады ҚМУ баспасөз қызметі.

Хабарламаның мәтінінде де жалған мәлімдемелер бар.

Біріншіден, "Спутник-V" вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі, автор айтқандай, 2021 жылдың мамыр айында емес, өткен жылдың 7 қыркүйегінде басталған. Оның қорытындылары 2021 жылғы 2 ақпанда жарияланып, бүгінде баршаға қолжетімді. Олар вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

Екіншіден, COVID-19 қарсы вакциналар, атап айтқанда "Спутник-V", бала туу қабілетіне әсер етеді деп айтуға негіз жоқ. Вакцинация бедеулікке әкелуі мүмкін деген қауесетті препаратты әзірлеушілердің өздері де, Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жетекші мамандары да жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды