Қазақстанда вакциналау жүргізу мерзімі қайта қарастырылады

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы сипатта бұйрық шығарды.

Қазақстандағы шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакцинациялау уақыты қайта қаралатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы сипатта бұйрық шығарды, деп хабарлайды COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.

12 шілдедегі ВАК отырысы кезінде вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде бірқатар міндеттерді жүзеге асыруды жүктей отырып, коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар биылғы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қаралып, белгіленетін болды. "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз етіледі. 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салалары анықталады.

Сонымен қатар мына мәселелер де тапсырылды:

- ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін "Ashyq" сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу; эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: