Қазақстанда балаларға екпе қашан салына бастайды. Министр сұраққа жауап берді

Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының 12 жастан жоғары балаларға ұсынылу мүмкіндігіне қатысты журналистер қойған сауалға жауап берді.

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан арнайы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының 12 жастан жоғары балаларға ұсынылу мүмкіндігіне қатысты журналистер қойған сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, қазір елімізде балаларды вакциналауға болатын екпе түрі жоқ.

Біздің балаларымыздың вакцина алуына мүмкіндік беруіміз керек. Әзірге нақты күнді атай алмаймыз. Қазірдің өзінде көптеген ата-аналар хабарласып, балаларына вакцина егуді сұрауда, өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакциналар жоқ. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз осы негіздегі қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, - деді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифингіде.

Министрдің айтуынша, балаларға екпе салу ата-ананың таңдауы бойынша ерікті жүргізіледі.

Балаларға арналған Pfizer вакцинасына келетін болсақ, ондай жағдай туындаса, балаларға вакцина тек ата-анасының келісімі бойынша салындады, - деді ол.

Журналистер сұрақты тағы нақтылай түсті: Мектеп бару үшін балаларға міндетті вакциналау енгізіледі ме?

Тағы да қайталап айтамын, бізде екпе тек ата-ананың келісімі бойынша салынады, - деді Цой.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: